Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Қайынды жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Каиндинская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Қайыңды орта мектебі 1966 жылы 1-4 кластар аралығындағы бастауыш мектеп болып ашылған. Мектептің алғашқы басшысы болып Уалиева Жамиля тағайындалған. Бұл мектеп қазіргі Қайыңды  ауылынан 9 шақырым жердегі Көне Қайыңды елді-мекенінде орналасқан. Қазіргі Қайыңды ауылының территориясында 1963 жылы «ГКС-13 газ айдау» станциясы жұмысын бастап, осы жерден «Новогодний» жұмысшылар ауылы құрыла бастады. Орталықтан 1970 жылы Новогодний 8-жылдық аралас «орыс-қазақ» мектебі ашылды. Матегулов Кеңес мектеп директоры болып бекітілді. Ал, Көне Қайыңды елді-мекенінде бастауыш мектебі өз жұмысын жалғастыра берді. Оған басшылық еткен Шайгузова Кундария Темиргалиқызы, кейін Уалиева Балапан 1973 жылға дейін қызмет атқарды. 1973 жылы бұл мектеп орталыққа көшірілді, сол жылы Новогодний орта мектебі 10 жылдық мектепке ауыстырылған. Сол жылдары мектеп жанынан интернат ашылып, 1994 жыл аралығына дейін жұмыс жасаған. Новогодний орта мектебі 1989 жылы Қайыңды орта мектебі атауымен өзгертілген. 2010 жылдары мектептің оқушы санының азаюына байланысты «Шағын жинақты» орта мектептер қатарына енген. Әр кездерде мектеп басшылығында қызмет атқарған директорлар: Алдабергенова Ақлима Хасеновна, Мурзабеков Өмірбай Нағимолдаұлы, Дүйсенова Алтынай Рафайынқызы, Андакулова Роза Жәмиқызы, Махамбетов Амантай Қалқаманұлы.

Мектептің алғашқы ұстаздары Әбдікаликов Әмірғали Әбдіхалықұлы, Шайгузова Мадина Темиргалиевна, Шайгузова Марзия Темиргалиевна, Абуева Сәлима, Голодничий Иван Самайевич, Голубничий Светлана Ивановна, Голубенко Наталья Алексеевна, Михаилова Нина Анатольевна, Бондаренко Татьяна, Қожахметов Бигелді Сакасович, Ибрисов Жанаман Шортанбаевич, Акинова Алма Аманышқызы, Сегізбаева Дәмеш Садыққызы, Абзеева Тұрсынхан, Ағылжанова Алия.

© 2024 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Қайынды жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Каиндинская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»