Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Қайынды жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Каиндинская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Махамбетов Амантай Калкаманович - Ақтөбе  облысы, Мұғалжар  ауданы, Егіндібұлақ селолық округіне қарасты Шевченко ауылында 1964 жылдың 10 желтоқсанда дүниеге келген. Мектеп табалдырығын Шевченко мектебінен аттап, 1981 жылы Родник ауылындағы  М.В.Ломаносов  атындағы орта мектепті  аяқтаған.

Білімі жоғары. 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультеті, биология пәнінің мұғалімі мамандығына түсіп,  1997 жылы жоғары оқу орнын бітірген. 

Еңбек жолын Ембі совхозының Шевченкофермасында ведсанитар қызметінен бастап, Ембі қаласындағы (РУС) радио байланыс орталығында техник қызметінен кейін 1987 жылы Қайыңды орта мектебінде (бұрынғы Новогодний орта мектебі) АӘД пәнінің мұғалімі болып алғашқы педагогикалық жұмысын бастаған. 1993 жылдан бастап Қайыңды орта мектебінде биология және география пәндерінен сабақ берген. 2012 жыл Ембі қалалық №7 орта мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып, 2013 жылдан бері «Қайыңды ЖББОМ» КММ-нің  директорықызметін атқаруда. Жалпы педагогикалық  еңбек өтілі – 33 жыл, соның ішінде мектеп директоры лауазымында – 11 жыл.

Амантай Калкаманович – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман.

«Білім беру ұйымының басшысы қандай болса, мектеп те сондай болмақшы» дегендей өзара тәжірибе алмаса отырып, өз білімін заман талабына сай үнемі жетілдіріп отырады.

2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат,  2018-2019 жылдары тоғыз айлық мерзімде«Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 640 сағат көлемінде оқыту курстарын аяқтады.

Білім беру ұйымының басшысы қызметі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың, Мұғалжар ауданының әкімі Е.Данағұловтың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Жүсіпов пен  Мұғалжар аудандық білім бөлімінің кәсіподақ төрағасы Е.Шымқаевтың мадақтамаларымен, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманжолдың алғыс хатымен марапатталды.

Амантай Калкаманович  заман талабына сай, ауыл және мектеп ұжымы арасында абыройлы, талапшыл, айналасына жанашыр, ұйымдастыру қабілеті жоғары басшы. 

© 2024 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Қайынды жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Каиндинская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»