«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Қайынды жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Каиндинская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Қазақстан Республикасының Чемпионаты
Мектебіміздің оқушылары Қуандық Нұржігіт және Сайлауова Тогжан Шымкент қаласында өткен бадминтоннан Қазақстан Республикасының Чемпионатында 2014ж. және одан кіші оқушылар арасында командалық-жеке есепте қола жүлдегерлері атанды.
«Үздік педагог-2024»
«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы 2024 жылдың 18-ші мамыр күні жалпы білім беретін мектеп ұстаздары арасында «Үздік педагог-2024» атты шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға жалпы есепте 30 педагог қатысып, нәтижесінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Гульаим Шанжаркановна жүлделі ІІ орынға ие болды.
Халықаралық турнир
«Олимпик» спорт клубының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткізілген еркін күрестен 2010-2017 ж. т. жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирінде +48 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 🥉орын алғаны үшін мектебіміздің жас спортшысы Дайров Ақарыс марапатталды.
Ақтөбе қаласының ашық біріншілігі
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған АУДАРЫСПАҚТАН 2007-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе қаласының ашық біріншілігіне белсене қатысып, үздік нәтиже көрсете білген оқушыларымыз жүлделі орындармен марапатталды.
🏇 Қойшыбай Жасұлан 🥈 орын
🏇 Серғазы Данияр 🥈орын
🏇 Ахметов Бекдаулет 🥉 орын
🏇 Шарафиев Жанарыс🥉орын
🏇 Әми Сайран «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы
«Қайынды жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Каиндинская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»